2022 жылдың 19 желтоқсанында жас оқытушылар мектебінің жұмыс жоспары бойынша ZOOM платформасында биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м.а., б.ғ.к., РҒЖ профессоры Р.Р. Олжаева «TBL оқыту әдістемесі. Биохимияны оқытудағы интеграцияның маңыздылығы» тақырыбында дәріс өтті. Қазіргі уақытта жоғары медициналық мектепте дәстүрлі дәріс-семинарлық сынақ жүйесімен қатар әртүрлі инновациялық білім беру технологиялары кеңінен қолданылады. Дәріскер Олжаева Р.Р. пәнді оқытудағы интеграцияның маңыздылығы туралы айтып, TBL әдістемесі бойынша оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу