«Ай мен Айша» роман-дилогиясы бойынша дөңгелек үстел

«Ай мен Айша» роман-дилогиясы бойынша дөңгелек үстел

2022 жылдың 21 желтоқсан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім беру пәндер кафедрасы облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасымен бірге Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ЖББП кафедрасының оқытушылары М.Д. Жорокпаева, Н.М. Абешова, Б.А. Жоргатаева және жалпы медицина мамандығының 1215, 1217, 2117, 1122, 1303 топ студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жазушының қазақ әдебиетіне қосқан үлесі, «Ай мен Айша» романының мазмұнымен таныстыру, шығарманың басты кейіпкері – Барсхан бейнесін ашу, оның өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету және романның тарихилығын талдау болып табылды. «Ай мен Айша» роман-дилогиясы өмірде болған оқиға. Сұм соғыстың әсерінен небір қиындыққа төзген анасы Айшамен анасының қолдаушысы мен қамқоршысына айналған Барсхан бала арқылы  жазушы өз өмірін баяндайды.

Іс-шара барысында кафедра оқытушылары М.Д. Жорокпаева, Н.М. Абешова, Б.А. Жоргатаева жазушының өмірі мен шығармашылығы, рухани – адамгершілік құндылықтары туралы баяндамалар оқылып,  1122 топ студенттері Арман Ұлан, Жумакенова Дайана аталған шығармаға байланысты өз ойларымен бөлісіп, Кузьменко Ярослав, Кабиева Даяна, Гузенко Диана жазушының өлең жолдарын оқыды.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкері Батхолдина Майгүл Сейітқажықызы Шерхан Мұртаза ағамыздың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды.

Жарияланды: