2022 жылдың 8 желтоқсанында Шымкент қаласында “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ мен Н.Назарбаев қоры Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетімен бірлесе отырып “Биология, медицина және фармацияның даму болашағы” атты жас ғалымдар мен студенттердің IX халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Осы аталмыш конференциясына “МУС” КеАҚ Өскемен филиалының 7 курс интерні Асқарова Алтынай Асқарқызы қатысты. “Қазақстандағы балалардың бронхиальды демікпе ауруының жаңа емдеу тәсілдері” тақырыбында баяндама жасап, сертификатқа ие болды. Өзінің білімділігімен тапқырлығын көрсетті. СМУ “КеАҚ (” Семей медицина университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамы”)жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі Темірханова Райхан Базикеновна, ғылыми жетекшісі Рамазанова Алмаш Даукеновна.
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс, Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу