2022 жылғы 1 желтоқсанда Ресей Федерациясының Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінде “Біз мәдениетті жасаймыз ба, әлде мәдениет бізді жасайды ма?” атты Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Беларусь мемлекеттерінің тілдік емес жоғары оқу орындары арасында шет тілі бойынша халықаралық онлайн-олимпиада өтті. Біздің университетіміздің атынан “Жалпы медицина” мамандығының студенттері Аяжан Кәрібжанова (1128 топ), Еркежан Рахымжанова (1121 топ) және Алан Төлегенов (1313 топ) қатысты. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының шет тілі оқытушылары Р.З. Рымбаева, З.А. Какимова және Ж.М. Жүнісова жетекшілігімен біздің команда қатысқан 10 команда арасында жүлделі 1 орынға ие болды. Студенттер мен оқытушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу