Магистратура Жапонияда!

Магистратура Жапонияда!

Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі Сізге Жапонияда Нагасаки университетінің білім және ғылым министрлігінің стипендиясы арқылы Апаттар медицинасы және радиациялық әсер ету бойынша магистратура бағдарламасына үміткерлерді қабылдауды жоспарлап отырғанын хабарлайды. (Толығырақ сайтта: http://www.fmu.nagasaki-u.ac.jp/en/)

Бұл стипендия Жапонияда екі жылдық оқуды, тұратын орын мен екі жақты ұшақ шығындарын төлеуді қамтиды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты 2022 жылғы 29 желтоқсанда сағат 14:30-да үлкен конференц-залда (132 кабинет) бакалавриаттың 5-курс білім алушылары, 2-ші оқу жылының интерндері және 3-ші оқу жылының резиденттері арасында үміткерлерді (тек Қазақстан азаматтары үшін) конкурстық іріктеуді өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Іріктеу критерийлері:

– бакалавр дәрежесі берілген диплом;

– ағылшын тілін меңгеру міндетті (Барлық сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі), халықаралық танылған тестілеу нәтижесі туралы сертификат (CERF, ILETS, TOEFL, т. б.);

– магистратурадағы нақты мақсат немесе зерттеу жоспары;

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден CV-ді ағылшын тілінде электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз smu.partnership@smu.edu.kz 2022 жылғы 29 желтоқсанда сағат 13:00-ге дейін.

Іріктеуден сәтті өткен үміткерлер Нагасаки университетінің профессорларымен сұхбаттасуға жіберіледі.

Барлық мәселелер бойынша стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөліміне (127 кабинет) хабарласуға болады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар