14.12.2022 күні жалпы медицина мамандығы бойынша білім алатын 1212 (куратор – доцент Сайдахметова А.С.) және 1214 (куратор – аға оқытушы Кусаинова К.Т.) оқу топтары еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында осы күн үшін қандарын төккен қыршын жастарды еске алуға арналған біріктірілген куратор сағатын өткізді.
Куратор сағатының тақырыбы: Біз-тәуелсіз елдің ұрпағымыз.
Мақсаты:
– Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ететін деректер мен көріністермен танысу;
– Студенттердің туған елімізге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс шараны кафедра доценті Сайдахметова А.С. ашып , оның маңызымен таныстырды және бұн тәуелсіздіктің бастамасы болған жастарды ұмытпауға, олардың мақсаттары мен патриоттық сезімін сыйлауға шақырды.
Бұл іс шарада біз қаһарман өзімізбен жастары құрдас болса да ерлікке бара алған замандастарымыз – желтоқсан құрбандарын ғана еске алып қоймай, сонымен қатар ежелден еркіндік аңсаған ата-бабаларымыздың тәуелсіздікке апарар жолдағы әрекеттерінен мағлұмат алдық.
Шара барысында тәуелсіздікке, батыр ұлдар мен қыздарға арнап жазылған өлең шумақтары оқылды, бейне материалдар көрсетіліп, презентациямен жұмыс жасалды.
Сонымен қатар арнайы сабағымызды бекіту мақсатында тарихи оқиғаларға байланысты сұрақ-жауап сайысын ұйымдастырып, онда ұтқан студенттерге сыйлықтар ұсынылды.
Көрермендер ретінде ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері
Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары тамашалады.