19 -23ші желтоқсан аралығында симуляциялық және білім беру кафедрасында 7 курс жалпы тәжірибелік дәрігер –интерндерге арналған « Кардиологиялық практикум» атты қысқы мектеп өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты Harvey жүрек-өкпе пациентінің тренажерін пайдалана отырып, жүрек-қан тамырлары патологиясы ауруларын дифференциалды диагностикалау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдетіп зерделеу және жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, сабақ барысында ЭКГ-ны мәлімдеу мәселелері қосымша қаралды. Кері байланыс барысында интерндер алған білімдерінің практикалық маңыздылығын оң жағынан бағалады.
Категориясы: Категориясыз
Осы жазбамен бөлісу