22 желтоқсан 2022 жылы жалпы медицина мамандығы бойынша білім алатын 1212 топ студенттері, кураторы – ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнамен бірге, қаламыздың өлкетану мұражайымен танысты. Топ студенттерінің біршамасы басқа аймақтардан келгендіктен өзі білім алып жатқан жердің тарихымен, жетістіктерімен, ерекшеліктерімен таныс болу студенттер үшін маңызды болды. Тек осы аймақ қана емес, бүкіл еліміздің даму тарихымен танысып, табиғатына жақындасып, жетістіктеріне топ студенттерімен бірге қуану өте әсерлі болды. Отанымыздың шексіз бай тарихына бір сәт үңіліп, өзіміздің осындай елде дүниеге келгенімізге риза болдық.
Категориясы: Қоғамдық өмір
Осы жазбамен бөлісу