Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 22 желтоқсан 2022 ж. ОМФ 4432 топ студенттері куратор, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Абаева К.Д. жетекшілігімен Әлихан Бөкейхан атындағы №39 орта мектепте болып, «Қазақстан бүгін, ертең және кеше» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел отырысына мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Алдымен өзекті тақырып бойынша презентациялар көрсетіліп, одан кейін аудиторияға сұрақтар қойылды. Студенттерге қойылған қиын сұрақтарға қарамастан, олар дұрыс жауап бере алды. Белсенді оқушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Шәкірттеріміздің жоғары ораторлық қасиеттерін атап өтпеу мүмкін емес. Олар оқу үдерісімен қатар шығармашылық іс-әрекетті қатар белсенді және табысты біріктіреді, бұл болашақта басқа балаларға лайықты үлгі бола алатыны сөзсіз.

ЖМ 4432 тобының кураторы
балалар аурулары пропедевтикасы
кафедрасының ассистенті Абаева Қ.Д.

Жарияланды: