Құрметті “Семей медицина университеті” КеАҚ 5,6,7 курс білім алушылары! Жапонияда (Нагасаки университеті) JICA “апаттар және радиациялық әсер ету медицинасы” бағдарламасы аясында магистратурада оқуға құжаттарды қабылдау жарияланады. Оқу кезеңі-2 жыл, оқудың басталуы-2023 жылғы қазан айы. Стипендия тағайындау конкурсына қатысуға өтінім беру үшін сізден [email protected] почтасына CV-ді ағылшын тілінде 13.01.2023 дейін жолдауыңызды сұраймыз. Өтінім берген үміткерлер университеттің конкурстық комиссиясы деңгейінде сұхбаттасудан өтеді. Сұхбаттасу қорытындысы бойынша Нагасаки университетінің профессорларымен екінші тур-сұхбат өтеді. Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапония Үкіметі жапондық ресми дамуға көмек көрсетудің атқарушы тармағы ретінде толығымен қаржыландыратын екіжақты даму агенттігі болып табылады.
Іріктеу критерийлері:
* Негізгі критерий-ағылшын тілінің жоғары деңгейі
* Жоғары оқу үлгерімі және мотивация.
* IELTS сертификаты Нагасаки университетінің профессорларымен әңгімелесу қорытындысы бойынша сәтті іріктеу жағдайында магистратураға түсу кезінде ғана міндетті.