2023 жылғы 11-13 қаңтарда Тәуелсіз Аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) келесі білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау үшін гибридті форматта «Семей медицина университеті» КеАҚ баруды жоспарлап отыр:
1) 7R01150 – Патологиялық анатомия
2) 7R01152 – Ядролық медицина
3) 7R01155 – Балалар стоматологиясы
4) 7R01143 – Ересектер, балаларға арналған ангиохирургия
5) 7R01142 – Клиникалық фармакология
6) 7R01128 – Ересектер мен балаларға арналған шұғыл медициналық көмек
Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы жүзеге асыратын жеке білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
Сыртқы сараптама комиссиясының мүшелері университеттің материалдық-техникалық базасын тексереді, клиникалық базаларды, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерді аралайды. Студенттермен, жұмыс берушілермен, түлектермен және университет қызметкерлерімен әңгімелесу жоспарланған.
Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытуға мемлекеттік тапсырыс алу, сонымен қатар университет қызметін жетілдіру жолдарын анықтау үшін қажет.