2022 жылғы 10 қарашадан 14 желтоқсанға дейін Оңтүстік Орал мемлекеттік медицина университетінің (Челябинск, РФ) базасында “Арман кәсібі” халықаралық қатысуымен Бүкілресейлік онлайн-олимпиада өтті. Олимпиадаға Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 56 медициналық жоғары оқу орындарынан 1199 білім алушы қатысты. Біздің университеттің намысын “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 401 тобының студенттері – Жамбылова Рысты, Рахымғали Назерке және Мейрамқан Мадина қорғады.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің жұмысына қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті, м. ғ. к. Ш. М. Токешева қатысты.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. “Тесттік бақылаудың” бірінші кезеңі 2022 жылғы 10-16 қараша аралығында Яндекс форма платформасында өтті. Біздің олимпиадашылар медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы туралы жақсы білімдерін көрсетіп, жоғары балл жинады.
Олимпиаданың екінші кезеңі – “ақпараттық буклет жасау” (2022 жылғы 24-30 қараша). Осы кезеңде біздің қатысушылар өздерінің ерекше шығармашылық қабілеттерін және әртүрлі мамандықтағы медицина қызметкерлері арасында кәсіби сырқаттанушылықтың алдын алу мәселелерін білетіндіктерін көрсетті.
“Армандаған кәсібім” тақырыптық бейнеролигін жасау жарысының үшінші кезеңінде (2022 ж.8-14 желтоқсан) біздің қатысушылар креативтілік танытты, болашақ мамандықтың кәсіби тәуекел факторларын білетіндіктерін, сондай-ақ кәсіби қызметте денсаулық пен жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтауға ықпал ететін практикалық дағдыларын көрсетті.
Олимпиаданың қорытындысы 2022 жылғы 30 желтоқсанда шығарылды. Біздің қатысушылар, ұйымдастыру комитеті мүшелерінің пікірінше, конкурста лайықты өнер көрсетіп, атаулы сертификаттар алды; доцент Ш.М. Тоқешеваға, профессор Ш. Е. Тоқановаға алғыс жарияланды.
Біздің олимпиадашыларымыздың пікірінше, байқауға қатысу-бұл өз білімдері мен дағдыларын көрсетудің тамаша тәсілі, бұл тәжірибе және одан әрі өсуге ынталандыру; бұл ауқымды жоба оларды байқаусызда өздерінің болашақ мамандықтары туралы ойлауға мәжбүр етті.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры Ш. Е. Тоқанова, доцент Ш. М. Токешева, оқытушы М. Б. Бейсенгазина