- 2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім беру гранттарын беру жөніндегі Ғылыми кеңес отырысы 2023 жылы 19 қаңтарда сағат 10:00-де бас ғимаратта үлкен конференция залында өтеді және ZOOM конференция форматында (қашықтағы комиссия мүшелері үшін) өтеді, сілтеме қосымша ұсынылады.
- 2023 жылдың 18 қантарына бос білім беру гранттарының саны:
Код | Білім беру бағдарламалары топтардың атауы/ жоғары курс мамандықтары | Курс | Босаған бос орындар саны |
B086 | Жалпы медицина | 1 | 2 |
2 (ЖАО ШҚО) | |||
2 | 2 | ||
3 | 1 | ||
6 | 3 | ||
B084 | Мейіргер ісі | 1 | 1 |
B088 | Педиатрия | 1 | 2 |
B089 | Қоғамдық денсаулық | 1 | 2 |
ЖОО бойынша барлығы | мем. грант | 13 | |
ЖАО ШҚО | 2 |
- Конкурсқа ақылы негізде білім алушылар қатысуға құқылы, қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша академиялық берешегі жоқтар.
- Білім беру гранттарын беру жөніндегі комиссия отырысының ашық өту мақсатында комиссия отырысына қатысуға ниет білдіргендер қатарынан келісім-шарт негізде оқитын білім алушылардың ата-аналары қатыса алады.
Қатысуға құқығы жоқ:
- Егер білім алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса;
- Ағымдағы оқу жылында (мемлекеттік грантқа ауысу кезеңіне), академиялық қарызы бар (жазғы ақылы семестрге қалдырылған) білім алушы;
- Курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ауысу балының ең төменгі шамасын ала алмаған және өзінің орташа GPA баллын арттыру үшін ақылы семестрден өткен білім алушы;
- Басқа жоғары оқу орындарынан ауыстырылған және қайта қабылданған білім алушылар. Білім алушылардың осы санаты үшін қатысу құқығы толық (1 жыл) оқу жылы аяқталғаннан кейін ғана басталады.