2023 жылғы 17 қантарда «СМУ» КеАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай облысының штаттан тыс балалар бас инфекционисті, м.ғ.к. И. М. Эфендиевтің жетекшілігімен Абай және Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау мекемелерінің медицина қызметкерлері үшін “Балалардағы тұмау және басқа да жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ)” тақырыбында оқыту семинар ұйымдастырылды.
Қатысушылардың назарын осы мәселенің өзектілігіне аударған Эфендиев Имдат Мұсаевич кіріспе сөз сөйледі. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Мансурова А. А. балалардағы тұмау мен ЖРВИ этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі, клиникасы және ауырлығың критерийлері туралы айтып берді. Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Т. Д. Дәлелқанова “Балалардағы тұмау мен ЖРВИ ажырату диагностика, зертханалық тексеру, емі және алдын алу” баяндамасымен сөз сөйледі.
Эфендиев И. М. қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, семинардың қорытындысын шығарды.
Ұйымдастырушылар семинарды соңында қатысушылардан кері байланыс алды. Семинарға барлығы 100 тыңдаушылар қатысты.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы