«Медунивер» КВН командасы маусымның чемпионы атанды

«Медунивер» КВН командасы маусымның чемпионы атанды

Сүйінші, 23 қаңтар күні өткен Абай облысы жайдарман ойындарының финалында мақтаныштарымыз «Медунивер» КВН командасы 3 сайыстың қортындысы бойынша 10,6 ұпаймен 1-ші орын иегері, яғни маусымның чемпионы атанды. Жалпы маусымға 32 команда қатысып, әр ойын сатысынан сүрінбей жүйрік шапқан 4 команда финалда өнер көрсетті.

Финал қортындысы:

  • 1 орын: «Семей медицина университеті» КеАҚ (10,6 ұпай).
  • 2 орын: М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі (10,2 ұпай).
  • 3 орын: Павлодар облысы құрамасы (9,6 ұпай).
  • 4 орын: «Шәкәрім университеті» КеАҚ (8,4 ұпай).

Енді командамыз, Абай облысының және университет намысын 28 қаңтар-6 ақпан аралығында Астана қаласында өтетін Республикалық «Чемпиондар лигасында» қорғайтын болады.

Сабақ пен өнерді ұштастырып жүрген, дәрігерлердің де сегіз қырлы,бір сырлы екенің көрсетіп жүрген «Медунивер» командасын шын жүректен университет ұжымы құттықтаймыз, және алдағы маңызы жоғары Республикалық ойындарда жеңіс тілейміз!

Рубрикалар: Қоғамдық өмір