InterProfessional Peer Training – болашақ гастроэнтерологтар мен нефрологтардың кәсіби ынтымақтастығының табысты тәжірибесі

InterProfessional Peer Training – болашақ гастроэнтерологтар мен нефрологтардың кәсіби ынтымақтастығының табысты тәжірибесі

Резиденттерді жұмыс орындарында оқытудың тиімділігі және олардың кәсіби дамуы көбіне академиялық және клиникалық тәлімгерлікті ұйымдастыру сапасына байланысты. Кәсіби аралық тәсілді қажет ететін клиникалық жағдайларды шешу үдерісіне белсенді түрде резиденттерді тарту үшін ішкі аурулар және ревматология кафедрасы кәсіпаралық бірін-бірі оқыту әдісін («InterProfessional Peer Training», IPPT) енгізді. Әдістің мәні – бірнеше мамандықтар резиденттерімен клиникалық жағдайды талдау үшін оқыту консилиумін өткізу.

24.01.23 «Гепатология» циклі аясында «Гастроэнтерология» және «Нефрология» білім беру бағдарламалары резиденттерінің қатысуымен «Гепаторенальды синдром» тақырыбы бойынша IPPT технологиясымен ашық сабақ өтті. Фасилитатор – м.ғ.д., профессор Жұмадилова Зәуреш Кенжеханқызы. «Гастроэнтерология» бағдарламасының резиденттері Муздубаев Даулет және Бағатқызы Фариза емдеуші дәрігер, PhD Шаханова Айжан Тұңғышханқызымен бірге тақырып бойынша клиникалық жағдайды ұсынды. «Нефрология» бағдарламасының резиденттері Болатбеков Санжар және Құрманғазынова Жұлдыз гепаторенальды синдромды нақтылау және емдеу заманауи тәсілдерін, науқастарды амбулаторлық емдеу туралы ақпарат ұсынды. Тәлімгер-нефролог, м.ғ.к. Ботабаева Айнұр Серікжанқызының жетекшілігімен жүргізілген науқасты емдеу тактикасын талдау қорытындыларын резидент-нефролог Багенова Ардақ ұсынды. Талқылау барысында резиденттерге бірқатар сұрақтар қойылды. Осындай патологияға шалдыққан науқастарды жүргізу бойынша м.ғ.к., доцент Әлібекова Рабиға Ізетқызы, м.ғ.к., доцент Қапанова Гүлжахан Қадырқызы резиденттерге қосымша ұсыныстар берді.

Консилиум нәтижелері бойынша резиденттер және тәлімгерлер IPPT технологиясы туралы өз пікірлерін білдірді. Пациенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық іздестіру және емдеу тактикасын таңдау дағдыларын дамыту үшін IPPT әдісінің құндылығын атап өтті.

Ашық сабаққа бақылаушылар ретінде м.ғ.к., терапия кафедрасының доценті Есімбекова Эльмира Иранқызы және Академиялық сапа кеңесінің өкілі, симуляция және білім беру технологиялары кафедрасының ассистенті Ковылина Регина Александровна қатыстып, оң пікірлерін білдірді.

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі