2023 жылдың 20-26 қаңтар аралығында м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында 5-ші ағын шетелдік бөлімшенің “Жалпы медицина” мамандығының 1 курс студенттері үшін “Биоэнергетикалық механизмдер. Медициналық энзимология” атты қысқы мектеп өтті. Қысқы мектептің мақсаты-биоэнергетика, энергия алмасу, АТФ энергиясын пайдалану, электронды тасымалдау және энергияны түрлендіру саласындағы білімді тереңдету, сондай-ақ еркін радикалды тотығу теориясының заманауи түсініктері және осы процестердің ықтимал пато-биохимиялық салдары туралы білімді кеңейту. Белоктардың медициналық-биологиялық функциялары мен қасиеттері. Қан плазмасы ақуыздары және олардың клиникалық маңызы. Амилоидоздардың молекулалық негіздері (прион аурулары, Альцгеймер ауруы және т.б.). Энзимопатиялар. Студенттер биохимияның осы саласы бойынша білімдерін бекітті және толықтырды, ситуациялық есептерді шешуде теориялық білімдерін пайдаланды.
Олжаева Р. Р. – м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м. а.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]