2023 жылдың 26 қаңтар күні «Әділдік жолы» РҚБ филиалының сарапшысы Казенов Роллан Рахметуллаевич «Семей медицина университеті» КеАҚ студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Әділдік Жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің қолдауымен елдегі коррупцияға қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында жастарды жұмылдыруға бағытталған «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» атты акцияның басталғанын хабарлады.Кездесудің мақсаты – Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, адалдық идеологиясын насихаттау, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін кеңестер беру үшін арнайы 1463 байланыс орталығы іске қосылғандығын, ұйымның әлеуметтік желілерде парақшалары ашылғандығы, сол арқылы жастардан хабарламалар қабылданып, тиісті ақпарат берілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, Акция аясында Ғылым және жоғары білім министрлігімен студенттерді акцияға тартуға және ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығы атап өтілді.«Әділдік жолы» РҚБ филиалының сарапшысы Роллан Рахметуллаевич, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауының басталғандығын, онда әрбір студент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын ұсына алатындығын айтты және білім алушыларды осы акцияны жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды, өйткені Әділетті Қазақстанның қалыптасуы әрбір азаматқа, соның ішінде бірінші кезекте жастарға жастарға байланысты.