«СМУ» КеАҚ стоматологиялық пәндер және БЖХ кафедрасында 09-13.01.2023 ж. пәнаралық қысқы мектепті өткізілді

«СМУ» КеАҚ стоматологиялық пәндер және БЖХ кафедрасында 09-13.01.2023 ж. пәнаралық қысқы мектепті өткізілді

Терапевтік стоматология бойынша 09.01.2023 жылы онлайн және офлайн форматта м.ғ.к. доцент Хайдарова Н. Б. “Пародонт ауруы” тақырыбында дәрістер оқыды, Ортопедиялық стоматология бойынша 10.01.2023 жылы ассистент Кабдыканов С. К. “Металлсыз керамикалық конструкциялармен протездеу” тақырыбында баяндама оқыды. Балалар стоматологиясы бойынша 11.01.2023 жылы ассистент Турусбекова Д. Х. “Балалардағы пародонт тіндерінің жағдайын бағалау” тақырыбында баяндама оқыды. Хирургиялық стоматология бойынша 12.01.2023 жылы ассистент Тастамбеков А. Е. “Тісті жұлу кезіндегі асқынулардың алдын алу” тақырыбында баяндама оқыды. Ортодонтиялық стоматология бойынша 13.01.2023 жылы ассистент Мұхтар М. Р. “Ортодонтиядағы заманауи технологиялар” тақырыбында баяндама оқыды. “Қысқы мектеп” бағдарламасына стоматология факультетінің 2 және 3 курс студенттері қатысты, оқу процесінде тыңдаушылар дәрістердің ағымдағы тақырыптары бойынша сұрақтар қойды, оларға толық жауаптар алды. Оқу соңында тыңдаушылар сертификаттар алды.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]