Alikhan Bokeikhan University, «Семей медицина университеті» КеАҚ және «Abai IT-Valley» технокластері арасында қол қойылған үшжақты меморандум аясында 2 ақпан күні сағат 15:00-де Alikhan Bokeikhan University халықаралық сарапшысы, кеңесшісі, «Abai IT-Valley» серіктесі Семён Карповтың қатысуымен «ашық микрофон» өтеді.
Семен Карпов (Мәскеу):
- Сколково және Мәскеу инновациялық кластерінің резиденті;
- NUMA және WINNO халықаралық акселераторларының, Кировский зауытының өндірістік акселераторының, Kalibr технопаркі және StartHub.Moscow түлегі;
- Технологиялық кәсіпкерлер клубының спикері;
- ресейлік және британдық патенттердің иегері;
- 100 000 доллардан астам инвестиция мен гранттар тартқан Any-Cut жобасының авторы және жетекшісі, компанияның нарықтық капитализациясы 450 000 доллардан асады.
Шара барысында спикер технологиялық кәсіпкерліктің негізгі аспектілері туралы айтып, практикалық жағдайларды талдап, қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.
Күні: 02 ақпан.
Уақыты: 15:00.
Іс-шара форматы: ашық микрофон (белсенді диалог, сұрақтарға жауаптар, жағдайлық есептер).
Қатысушылар контингенті: технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын студенттер, өз жобасын жүзеге асыруға қызығатындар.
Қатысушылар саны: 30 адамнан аспайды.
Іс-шараға 20-30 минут қалғанда – қонақтың ректормен танысуы.