Адал еңбектің жарқын бейнесі

Адал еңбектің жарқын бейнесі

Адамдардың жүрегі мен жанында  өшпес із қалдыратын жандар болады, сондай жандардың бірі ретінде Семей медицина университеті үшін Иманалинова Найра Куржуковна болмақ.

Оның кәсіби қызметінде әрдайым шығармашылық рух байқалатын және ол жанмен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар кез-келген адам білім мен тәжірибенің мол қорымен сусындап толығатын. Кең пейілділік, мейірімділік, жауаптылық пен даналық  – міне осылар Найра Куржуковнаның шынайы келбеті.

Университетіміздегі қызметін 1968 жылдан бастаған ұстаз 1994-2003 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Өзінің педагогикалық қызметін қоғамдық және тәрбие жұмыспен белсенді түрде сәтті үйлестіре білген жан. Сонымен қоса университетіміздің ғылыми жұмысына да өз үлесін қосқан жандардың бірі. Университет қабырғасындағы үздіксіз қызметі мен медицинаға қосқан үлесі үшін университет әкімшілігінен, қала, облыс әкімінен және Білім және денсаулық сақтау министрлігінен арнайы марапаттар мен төсбелгілермен марапатталған.

Ұстаздық ұлы қызметті мінсіз атқарып, сан жылдар бойы зор сенім мен көңілден шыға білген жоғары білікті ұстаз, өз ісінің үздігі, көптеген жылдар бойы білім ордасында табан аудармай оқытушылық қызметін мінсіз атқарған Найра Куржуковнаға КеАҚ  «Семей медицина университетінің» Басқарма Төрағасы – Ректорының атынан Басқарма төрағасының академиялық және тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары – Смаилова Жанаргүл Қайырғалиқызының және Кәсіподақ ұйымының төрағасы Советов Бақытбек Советұлының қатысуымен алғыс хат табысталып, сый-сияпат көрсетілді. Жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі Уранхаева Гульмира Тельмановнаның басшылығымен ұйымдастырылған ардагеріміздің құрметіне 85 жас мерейтойына арналған мерекелік кеште кафедра оқытушылары тарапынан толассыз қошемет пен құрмет көрсетілді.

Найра Куржуковнаға осындай мерейлі күні кафедрамыздың атынан шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі және медицинаның даму жолындағы күрделі де жауапты қызметіңізге алғысымыз шексіз!

 

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары Л.К. Садыкова, Н.Д. Аманбекова[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: