26.01.2023 «Семей медицина университеті» КеАҚ үлкен конференц-залында қысқы мектептің бірінші күні ұйымдастырылды. Мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD Жуманбаева Ж. М. құттықтау сөз сөйледі.
«Алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбына дәрісті мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Ш. Ш. Амренова оқыды.
Студенттер “Kahoot” зияткерлік ойынына белсенді қатысты.
27.01.2023 ж. мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері практикалық дағдылар алгоритмдерін көрсетті:
- 1 станция: «Жүрек кенеттен тоқтаған кезде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)»;
- 2 станция: «Анафилаксиялық шок кезінде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)»;
- 3 станция: «Асқазанды шаю».
30.01.2023 ж. «Семей медициналық университеті» КеАҚ, «Авиценна «Жоғары медициналық колледжі» білім беру мекемесі, «Семей Медициналық колледжі», Абай облысы ДСБ «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК студенттері жоғарыда аталған станциялар бойынша практикалық дағдыларды бекітті.
Студенттер қысқы мектеп жұмысына белсенді қатысты.
Қысқы мектептің барлық қатысушыларына сертификаттар салтанатты түрде табысталды.
Ұйымдастырушылар: мейіргер ісі кафедрасының ассистенттері.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]