«Надежда» кадрлік резерві үшін «Үздік түлек-педиатр 2023» олимпиадасы

«Надежда» кадрлік резерві үшін «Үздік түлек-педиатр 2023» олимпиадасы

2023 жылдың 24 қаңтары күні Түсіпова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында “Надежда” кадрлік резерві үшін “Үздік түлек-педиатр 2023ж.” атты 2-оқу жылының Семей және Өскемен қаласының филиалындағы резиденттері арасында олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты: резиденттердің осы уақытқа дейінгі кафедрада алған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсету. Олимпиадағы 8 түлек-резидент қатысты. 1 кезең 18-23 қаңтар аралығынды онлайн форматта өтті: әр резидент постерлік баяндама жасап, жұмыс беруші тұлғадан видео… алды. Барлық видеороликтер кафедраның офицальды инстаграм парақшасына салынып, қойылған лайк сандары бойынша бағаланды.

Үздік резидент-педиатрды анықтау үшін екінші кезең 24.01.2023 жылы «СМУ» КеАҚ оқу тәжірибелік орталығында викториналық сұрақтар түрінде өтті. Олимпиданың бастамасын Түсіпова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р. кіріспе сөзімен басталды. Әділ қазылар алқасы құрамында педиатрия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р., оқу ісінің меңгерушісі Назарбекова М.С., PhD докторант Ахметжанова Д.О., ЖМКС “Венера” директоры Турдина Н.М. болды.

Викторинадан кейін, жоғары ұпай жинаған 5 резидент миниклиникалық жағдайларды талқылауға жолдама алды.

Миниклиникалық жағдайларды талқылаған соң, әділ қазылардың бағалауы бойынша жоғары ұпай жинаған 3 резидент тәжірибелік дағдылар бойынша сайысқа түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша “Надежда” кадрлік резерві үшін “Үздік түлек-педиатр 2023ж.” олимпиадасында ең жоғары ұпай жинап, І орын иегері Әлімбекова Аяужан атанды. ІІ орын иегері – Магауина Жулдыз. ІІІ орын иегері Еролинова Әсел.

Финалға өткен қатысушылар дипломмен және жеңіске жеткен қатысушыға “Надежда” кадрлік резерві үшін “Үздік түлек-педиатр 2023ж.” атты кубок табысталды. Сайысқа қатысқан барлық резиденттер сертификат алды.

Сайысқа қатысушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете біліп, сайыс қызықты да тартымды өтті.

Олимпиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне 1 оқу жылының резидент-педиатрлары ат салды.

 

Мақала авторы – Саутбаева М. М.

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]