30.01.2023 ж. “Семей медицина университеті” КеАҚ-да Абай облысының АМСК және стационарлар деңгейіндегі медицина қызметкерлеріне ересектердегі Тұмау, ЖРВИ, КОВИД-19 кезінде диагностика, клиника, дифференциалды диагностика, емдеу және медициналық оңалту мәселелері бойынша семинар жүргізілді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ штаттан тыс инфекционисті, КП әзірлеушілер тобының жетекшісі Көшерова Бақыт Нұрғалиқызының “Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 кезінде медициналық көмек көрсету (ересектер, жүкті әйелдер – клиника сұрақтары, диагностика, емдеуге шолу)” презентациясы ұсынылды.
Семинар барысында клиникалық синдромдар мен ауыр ағымның белгілері, тұмаудың ауыр және асқынған ағымының қауіп факторлары және Ковид-19 жеке жарияланды. “Тұмау және жүктілік” бөлімінде тұмаудың клиникалық көріністері, ЖРВИ, Ковид-19 және жүкті әйелдердегі вирусқа қарсы терапия бойынша арнайы нұсқаулар анықталды.
“СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы