2023 жылдың 31 қаңтарында түлектерді жұмыспен қамту және Medical Foundation бөлімі «№5 Шәкәрім атындағы көпбейінді мектеп-гимназияның» және Аягөз ауданының «№1 Ақшаулі ЖОББМ КММ»-нің жоғары сынып оқушыларына «Семей медицина университеті» КеАҚ-да экскурсия өткізді.
Оқушылар университет қабырғасын аралап, оның өмірін өз көздерімен көрді. Олар Әлем мұражайын, симуляциялық технологиялар кафедрасын, анатомиялық мұражайды аралады.
Болашақ талапкерлер «Семей медицина университетіне» оқуға түсу ережелерімен танысып, білім беру бағдарламалары туралы қажетті ақпаратты ала алды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]