Семей медицина университеті білім алушыларды 2023 жылдың 18 ақпанында қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген студенттер арасында өтетін республикалық «Тілдарын» пәндік олимпиадасына қатысуға шақырады.
Олимпиада аралас форматта (офлайн, онлайн) өтеді. Олимпиадаға ЖОО-ның 1-2 курс студенттері қатысады. Филология және аударма ісі мамандығында оқитын студенттер қатыса алмайды. Әр кезеңнің тапсырмалары үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындалады. Олимпиада 2 кезеңде өтеді:
І кезең. «Жас аудармашы» мәтінге ілеспе аударма жасау.
ІІ кезең. «Тіл шебері» ораторлық қабілеті мен көпшілік алдында сөйлеу өнерін айқындауға арналған тапсырма (затты 3 тілде жарнамалау)
Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 16 ақпанына дейін «Пәндік олимпиада» белгісімен ood@smu.edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Ақпараттық хатты келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Олимпиада координаторлары:
Кусаинова Жанат Социаловна 8 777 541 5497
Мухамеджанова Жанна Актаевна 8 777 477 8684
Абешова Нұргүл Мұратбекқызы 8 705 216 0659