«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік эссе байқауы өтеді

«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік эссе байқауы өтеді

Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасы «Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбында студенттік эссе байқауын жариялайды. Атаулы шара ішкі саясат саласындағы идеологиялық күн тәртібін одан әрі жетілдіру, жастардың азаматтық санасын қалыптастыру, ел тағдырына жанашырлық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін ояту мақсатында жүзеге асырылуда.

Байқауға қатысуға Семей медицина университеті барлық мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері шақырылады. Байқау автордың өз мамандығын таңдауының дұрыстығына және болашағына, оқу мен еңбекте табысқа жетуге ықпал ете алатын қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін көрсететін көзқарастарын анықтауға бағытталған.

«Менің мамандығым – менің саналы таңдауым!» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар «Эссе байқауы» деп аталып, 2023 жылдың 10 ақпанын қоса алғанда ood@smu.edu.kz электрондық поштасына жіберіледі. Эссеге қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.

Байқау жұмыстары қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін. Марапаттау рәсімі 2023 жылдың 14 ақпанында өтеді. Үздік жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар