2023 жылдың 1 ақпанында Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасында студенттердің көрнекті дәрігер Әубәкіров Маратбек Тоқанұлымен кездесуі өтті. Студенттер Маратбек Тоқанұлының өмірбаяндық деректерімен және дәрігер мансабындағы жетістіктерімен танысты. М. Т. Әубәкіров 1976 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. Жоғары санатты балалар хирургі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі, Семей өңірінің штаттан тыс балалар хирургі. Өзінің еңбек қызметі кезеңінде Маратбек Тоқанұлы 21 жыл университеттік госпиталінің балалар хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Оның көмегімен Семей қаласында алғаш рет 2012 жылы перинаталдық орталық базасында жаңа туған нәрестелерге арналған хирургиялық бейінді төсектер ашылды, онда дамуында кемістігі бар пациенттерге операциялар жүргізілді. Емдеу қызметінен басқа, дәрігер ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады. Маратбек Тоқанұлы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие, 130 ғылыми еңбектің авторы, балалар жасындағы хирургиялық ауруларды емдеу саласында 13 өнертабыс әзірледі сонымен қатар, екі монография мен “Балалар хирургиясы” оқулығының авторы. Әңгіме барысында студенттер Маратбек Тоқанұлына үлкен қызығушылықпен сұрақтар қойды. Алғыс сөздер айтылды.
Танымал және өз саласының үздіктері біздің жанымызда жүріп, жұмыс атқарады және жас мамандармен жас ұрпаққа үлгі болып шабыттандырады.
Кездесу кафедра оқытушысы Ван Ольга Төлеубекқызының ұйымдастыруымен өтті.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]