Бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда 4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні болып табылады.
Онкологиялық аурулармен күресу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Отандық медициналық ұйымдарда онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары бар, бұл науқастардың, әсіресе аурудың бастапқы кезеңінде толық сауығып кетуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Скринингтік бағдарламалар қатерлі ісіктің алдын алудың және ерте диагностикалаудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Қатерлі ісіктердің даму қаупін азайту үшін қарапайым, бірақ тиімді ережелерді ұстану қажет, ең алдымен, белсенді өмір салтын ұстану және үнемі жаттығулар жасау, күнделікті көкөністер мен жемістердің жеткілікті мөлшерін тұтыну, дене салмағын бақылау; темекі шегуді, алкогольді тұтынуды тоқтату және үнемі профилактикалық тексерулерден өту.
Д. Р. Мусинов атындағы «Клиникалық онкология және ядролық медицина» кафедрасы студенттермен бірге Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған флешмоб ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – онкологиялық патологияның ауыртпалығын азайтудың жаһандық мәселесіне қоғамның назарын аудару. Ғалымдар халыққа тиісті медициналық көмек көрсетілсе, онкологиялық аурулардың алдын алуға болады, ал ерте диагностика бұл аурудан болатын өлімділікті айтарлықтай төмендетуге көмектеседі деп есептейді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]