Профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасына шақырылған профессор Новак А. И. мастер-классы өтті

Профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасына шақырылған профессор Новак А. И. мастер-классы өтті

2023 жылдың қаңтардың 25 мен ақпанның 01 аралығында «СМУ» КеАҚ, профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасына шақырылған Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Рязань мемлекеттік медицина университетінің микробиология кафедрасының профессоры б.ғ.д. Новак А. И. – онлайн режимде профессордің мастер- классы өтті. Шеберлік сабағының тақырыбы: «Қарапайымды инфекциялардың қоздырғыштары және олардың микробиологиялық диагностикасы». Бұл шеберлік сабағы «Педагогикалық құрамның академиялық ұтқырлығы» бағдарламасы аясында өтті.

Шеберлік мастер-классы барысында оқытушылар мен студенттер зертханалық диагностиканың микробиологиялық аспектілері, микроағзаларды адамның жұқпалы ауруларының қоздырғышы ретінде анықтаудың заманауи әдістері туралы сұрақтарды тыңдады. Оқытушылар мен студенттер шеберлік сабағында үлкен қызығушылық танытты. Шеберлік мастер-классына қатысушылар көптеген сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты.

Осындай шеберлік сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз, шеберлік сабағын ұйымдастырушылар мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз. Ғылым, білім және тәжірибенің үштұтастығын одан әрі дамыту үшін шетелдік серіктес университеттермен бірлескен іс-шараларды одан әрі табысты дамытуды тілейміз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі