“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерінің Абай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің өкілдерімен кездесуі

“Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерінің Абай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің өкілдерімен кездесуі

2022 жылғы 3 ақпанда қоғамдық денсаулық кафедрасында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 4 курс студенттерінің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Кездесу барысында “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті” РММ басшысының орынбасары Фатхуллина Раушан Жұлдызбайқызы және білім беру және тәрбие объектілерін қадағалау және бақылау бөлімінің басшысы Гүлнара Мағзұмқызы Жақиянова сөз сөйледі.

Кездесуде Департамент өкілдері білім алушыларды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарындағы кадрлардың тапшылығы, бос жұмыс орындары туралы хабардар етті, Департамент қызметінің негізгі бағыттары, түлектер үшін ашылатын мүмкіндіктер, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді; Мемлекеттік қызметке кіру тәртібін түсіндірді. Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Жұмыс берушілермен кездесу барысында алынған ақпарат “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының түлектеріне жоғары сұранысты растауға мүмкіндік берді.

 

Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева, оқытушы М. Б. Бейсенгазина

[/vc_column_text][vc_single_image image=”135152″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар