«Алтын скальпель» номинациясы

«Алтын скальпель» номинациясы

2023 жылдың 3 ақпанында «Семей медицина университеті» КеАҚ-да салтанатты жағдайда университетіміздің дамуына елеулі үлес қосқан және хирургия саласында қызмет еткен дәрігерлерге берілетін «Алтын скальпель» номинациясының арнайы марапаты табыс етілді.
Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №6 шешімімен «Алтын скальпель» сыйлығы кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлына және емхана дәрігері, кең ауқымды білікті, тәжірибелі хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Ерлан Мырзабосынұлы Асылбековке берілді.
Салтанатты шара барысында марапатты Басқарма төрағасы, «СМУ» КеАҚ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов табыс етті.
Білім ордасы қабырғасынан қаншама атақты дәрігерлер, белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, білікті басшылар шықты. Университет түлектері «Семей Медицина университетінде» білім алғандарын мақтан тұтады.