Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні 4 ақпанда атап өтіледі. Қатерлі ісік бүкіл әлемде өлімнің ең көп тараған себебі екені белгілі. Қатерлі ісікпен күресу күні – бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды қолдайтын үлкен оқиға. Бұл күн медицина өкілдерін жыл сайын өз жетістіктерін көрсете отырып, аурумен күресудің жаңа әдістерін жасауға ынталандырады. 6 ақпанда биохимия және химиялық пәндер кафедрасында 2221, 1228 ЖМ тобының ағылшын бөлімінің студенттерімен осы мәселе бойынша әңгімелер өтті. Студенттер қатерлі ісіктің негізгі себептерімен, қандай жағдайларда онкологпен кеңесу керек, қатерлі ісіктен қалай сақтану керек, қатерлі ісіктің дамуын азайту жолдары туралы білді. Баршаңызға зор денсаулық тілегіміз келеді, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

 

Кафедра меңгерушісінің м. а. Олжаева Р. Р.

[/vc_column_text][vc_single_image image=”135349″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқушылар