Мәдениетті біз жасаймыз ба, әлде мәдениет бізді қалыптастыра ма?

Мәдениетті біз жасаймыз ба, әлде мәдениет бізді қалыптастыра ма?

16-21 қаңтарда жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Мәдениетті біз жасаймыз ба, әлде мәдениет бізді қалыптастыра ма?» тақырыбында қысқы мектеп өтті. Мақсаты – негізгі білім беру бағдарламаларының көлемінен тыс жалпы мәдени, жаратылыстану және кәсіптік салалардағы барлық деңгейдегі білім алушылардың білімін кеңейту және тереңдету.

Қысқы мектеп тыңдаушылары үшін «Медициналық ЖОО студенттерінің сыни ойлау мәдениеті» танымдық шеберлік сыныбы ұсынылды, «Көкпар» пікірталас: Сөйлеу мәдениеті» сияқты зияткерлік сайыстар өтті. Қатысушылар «Мәдениетті адам болып саналу үшін жоғары білім алу жеткілікті ме?» тақырыбында ой өрбітті. «ХХІ ғасырдың білім беру технологиялары: ақпараттық мәдениет және медиа білім беру» шеберлік сыныбы қысқы мектеп қатысушыларын медиа саласындағы заманауи үрдістермен таныстырды.

“How much do we know english culture” викторинасы қатысушылардың ағылшын мәдениетін қаншалықты білуін тексеруге мүмкіндік берді. Қысқы мектеп «Халықтың қоғамдық санасын модернизациялаудың жаңа құндылық бағдары» әңгімесімен, сондай-ақ «Дәстүрлі қазақ мәдениеті және қазіргі қоғам даму тенденциясы» дәрісімен қорытындыланды.

Қысқы мектептің дәріс оқушылары кафедра оқытушылары Г.Т. Уранхаева, М.Д. Жорокпаева, Н.М. Абешова, Г.М. Алина, Ж.С. Құсайынова, Г.К. Тоқабаева, А.Б. Букатаева, Ж.А. Мұхамеджанова, Т.У. Жакипова және Қ.А. Нұрғазы.

Қысқы мектеп жұмысына 109, 1304, 1305, 1306, 1309, 206 «Стоматология», 1109, 1212, 1214, 1216, 1124, 1224, 3526 «Жалпы медицина» және 101 «Қоғамдық денсаулық сақтау» топ студенттері белсенді қатысты.

Университет студенттері үшін «Мәдениетті біз жасаймыз ба, әлде мәдениет бізді қалыптастыра ма?» қысқы мектебін өткізу дәстүрге айналмақ.

Жарияланды: