30.01 және 03.02.2023 JICA бағдарламасы шеңберінде “Апаттар және радиациялық әсер ету медицинасы” магистратурасы мамандығы бойынша Nagasaki University-де оқуға “СМУ” КеАҚ білім алушыларының арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның екі отырысы өткізілді.
Екі отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері ең көп балл жинаған білім алушыларды Нагасаки университетінің өкілдерімен әңгімелесудің 2-ші кезеңіне өту үшін ұсынуға шешім қабылдады, атап айтқанда:
- Ернар Ильдербаев – “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 5 курс білім алушысы;
- Елдана Сығалиева – “ЖПД” мамандығы бойынша 7-ші оқу жылының интерні;
- Нұрбахыт Исахан – “ЖПД”мамандығы бойынша 7-ші оқу жылының интерні;
Nagasaki University профессорларымен сұхбаттасудың сәтті өтуін тілейміз.

