Стоматологиялық пәндер кафедрасы және ЖБХ № 1 студенттер үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырды

Стоматологиялық пәндер кафедрасы және ЖБХ № 1 студенттер үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырды

«СМУ» КеАҚ студенттер үйіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 4 ақпанда стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургия кафедрасы “Салауатты күлкі” мектебінің мүшелерімен бірлесіп № 1 студенттер үйінде «Салауатты өмір салты. Жалпы және стоматологиялық денсаулық деңгейі. Тәуекел факторлары» тақырыбында № 1 студенттер үйінде «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

Кафедра ассистенттері Тұрұсбекова Д. Х. және Қоқымбекова Н. М. және «Салауатты күлкі» мектебінің мүшелері, № 1 студенттер үйінде тұратын 1-ші және 2-ші курс студенттеріне арналған «дөңгелек үстелде» салауатты өмір салты, жаман әдеттер, ауыз қуысы мүшелерінің денсаулығына зиянды әсері туралы әңгімелер талқылады. «Дөңгелек үстел» барысында тісжегінің алдын алуы, қатты тіндердің патологиясы, пародонт ауруларының алдын алуы, ауыз қуысының шырышты қабаты, еріннің қызыл шекарасы бойынша профилактикалық іс-шараға арналған минилекция оқылды. Ауыз қуысының жеке гигиенасы құралдары мен заттары туралы ақпарат баяндалды. Муляждарда тіс тазалау гигиенасын оқыту бойынша мастер-класс өткізілді. Алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті, ең бастысы-білім алушылардың салауатты өмір салты.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Іс-шара соңында студенттерден оң кері байланыс алынды. Студенттерге дәріс, мастер-класс өте ұнады, яғни жалпы ұйымдастырылған іс-шара қызықты, қажет, уақтылы, олар үшін үлкен пайда әкелді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір