Өскемен қаласында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А. Р.-мен резидент педиатрлардың кездесуі өтті

Өскемен қаласында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А. Р.-мен резидент педиатрлардың кездесуі өтті

29.01.2023 ж. Өскемен қаласында “Ана мен бала” орталығында Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық оңалту кафедрасының меңгерушісі Алимбаева А.Р.-мен резидент педиатрлардың кездесуі өтті. Кездесудегі дөңгелек үстел барысында оқу процесстері, мемлекеттік емтиханға дайындық жоспарлары және де практикалық дағдылардың толықтай қамтылуы талқыланды. Сонымен қатар, резиденттердің ғылыми жұмыстарын жетілдіру үшін нақты ұсыныстар берілді.

Кездесу барысында 24.01.2023 ж. кафедрада “Үміт” кадрлік резерві үшін резидент-педиатрлар арасында өткен олимпиада жеңімпазы Өскемен филиалындағы Әлімбекова Аяужанды марапаттау және қатысушыларға сертификаттар табыстау рәсімі өтті.

Сондай ақ клиникалық базаның жұмысымен танысып, жетекшілермен кері байланыс жүргізілді.

Осындай кездесулер, әсіресе Өскемен қаласы филиалының резиденттері үшін аса қажетті. Кафедра меңгерушісі және оқытушылар тарапынан осындай кездесулердің жиі өтуі оқу және тәжірибе барысындағы пайда болған сұрақтар, қиындықтарды шешуге үлкен септігін тигізеді деп санаймыз.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар