«Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры А. Дюсуповтың шешімімен университеттің білікті, мықты дәрігерлері Түркия Республикасындағы жер сілкісінен зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу үшін Түркия еліне аттануға дайын. Олардың қатарында: Б. С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедра меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Ангиохирург (тамырлы хирург) – Мерей Нуриденович Иманбаев, шұғыл медицина кафедрасының доцент м.а., жоғары санатты дәрігер терапевт, пульмонолог – Жанар Маратовна Уразалина, шұғыл медицина кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер хирург – Мирлан Кайртаевич Хакимов, терапия кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер терапевт – Айсулу Сарсенгазыевна Жунуспекова, әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, медицина қызметінің полковнигі – Шынгыс Оразмухаметович Орынбасаров, госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер, анестезиолог реаниматолог – Сауле Владимировна Альпищева, жоғары санатты дәрігер хирург, доктарант – Жасулан Ошанович Кожахметов бар. Семей медицина университетінің ұжымы бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтады және университет мамандарынан құрылған топ зардап шеккен өңірлерге көмекке аттанады. Қазақ елі Cіздермен бірге!