2023 жылы 06 ақпан күні психиатрия және наркология кафедрасы рентгенология, жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедраларымен бірлесіп, № 1 студенттерүйінде “Стресспен күресудің тиімді жолдары” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар: ЖМ, стоматология факультетінің 1 курс студенттері, 5108, 5214, 5216, 5322, 3207 ЖМ кураторлық топтары, 1, 2 жылдық резиденттер.
Семей медицина университетінің студенттеріне: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Т. М. Молдағалиев, кафедра ассистенттері А. А. Алмагамбетова, А. У. Ермекбаев, Е. К. Шаймарданов, радиология кафедрасының ассистенті А. Г. Қуанышева, жұқпалы аурулар, иммунология және дерматовенерология кафедрасының ассистенті Б. С. Тұраханова алғы сөз сөйлеген болатын.
Өз сөздерінде ақыл-ой, физикалық қажудың шұғыл және тиімді профилактикалық әдістерін атап өтті. Адамның уайымдары толығымен денеде код түрінде сақталады. Бұлшық ет құрысуларынан арылуға арналған эмоционалды стресстік психотерапия, тыныс алу релаксациясы әдістерін қолдана отырып, қысқа мерзімде мазасыздықты, алаңдаушылықты жоюға негізделген ақпарат ұсынылды. Студенттерге жағымсыз психоэмоцияналды күйзелісті шешуге және позитивті көзқарасты қалыптастыруға бағытталған психотерапиялық тренинг өткізілді.
Студенттер белсенді түрде пікірталасқа қатысып, өз сұрақтарын қойды, көптеген жағымды эмоциялар алды, сонымен қатар психотерапиялық тренинг жоғары бағаланды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”135630″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]