2023 жылдың 7 ақпанында «Семей медицина университеті» КеАҚ «Оқу сапасы жөніндегі кеңесімен» бекітілген 2022-2023 оқу жылына арналған ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес «Аналитикалық химия» пәнінен зертханалық-практикалық сабақ өткізілді.
Ашық сабақты кафедра оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының «Химия» мамандығы бойынша магистрі С. А. Лауенова «Қышқылды-негіздік титрлеу» тақырыбына өткізді. Сабақ «Фармация» мамандығының 201 (көп тілді) тобының 2 курс студенттеріне жүргізілді.
Сабақ барысында интерактивті оқыту әдістері, презентациялар қолданылды, зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар пайдаланды. Ситуациялық есептерді шешу барысында студенттер Д. И. Менделеев периодтық жүйесін, тұздың ерігіштік кестесін, титрлеу қисықтарының кестесін қолданды. Зертханалық жұмысты талдау барысында ерітіндінің массасын титрант концентрациясы бойынша есептеуге кеңестік көмек көрсетілді. Сабақтың қорытынды бөлімі жеке және топтық тестілеумен аяқталды.
Ашық сабаққа PhD докторы, эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы А. Ж. Байбусинова, м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының меңгерушісінің м. а. Р. Р. Олжаева, кафедра бас оқытушысы А. Т. Абленова қатысты.
М.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Лауенова С. А.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]