2023 жылғы 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында “СМУ” КеАҚ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы ұйымдастырған “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс шетелдік бөлімінің білім алушылары үшін “ас қорыту жүйесінің патологиясы”коммити шеңберінде қысқы мектеп өтті.
Студенттер келесі тақырыптар бойынша дәріс тыңдады:
- Асқазан-ішек жолдарының ауруы бар науқасты тексеру.
- Асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің зақымдану синдромдары.
- Гепатобилиарлы жүйенің зақымдану синдромдары. Гепатиттер. Бауыр циррозы. Порталдық гипертензия.
- Ұйқы безінің зақымдану синдромдары. Созылмалы панкреатит.
- Ішектің қабыну синдромы. Крон Ауруы.
Дәрістің берілген тақырыптары өзекті, заманауи және қызықты өтті. Қысқы мектеп бағдарламасы барысында қатысушылар семинарлар мен мастер-кластарға қатысуға, проблемаларды талқылауға және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды. Қысқы мектепті аяқтағаннан кейін студенттер 2-ші семестр қарсаңында берілген пайдалы ақпараттық дәрістер үшін алғыстарын білдірді.