2023 жылдың 7 ақпанында «Ішкі аурулар және ревматология» кафедрасының ассистенттері №1 студенттер үйінде кезекті кезекшілік өткізді, оның барысында студенттер тұратын бөлмелерге шолу жүргізілді. Жатақханада жағдай қолайлы, студенттердің тұруына жақсы жағдай жасалған: бөлмелері жылы, жарық, таза, шаруашылық бөлмелері электр плиталарымен, тоңазытқыштармен, микротолқынды пештермен, кір жуғыш машиналармен жабдықталған, ыстық және суық су бар. Әр қабатта душ бөлмелері бар. Студенттер тарапынан университет басшылығына шағымдар жоқ. Кезекшілік барысында кафедра қызметкерлері студенттерді толғандыратын өзекті мәселелер, соның ішінде салауатты өмір салты бойынша әңгіме жүргізді. Әңгімелесу барысында кафедра ассистенттері студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар фаст-фуд пен тез дайындалатын тағамдардың зияны туралы әңгіме жүргізілді. Дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар берілді. Бір қуантарлығы, студенттеріміз «Дені саудың жаны сау!» деген ұранды ұстанады. Студенттерімізге зор денсаулық, сәттілік тілейміз!