2023 жылдың 7 ақпанында Семей қаласының «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында “Қоғамдық денсаулық сақтау” факультетінің 4 курс түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында кездесу өтті. Кездесуді директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Алибаева Ғалия Айтчанқызы жүргізді. ЖМЖА әкімшілігі бұл мамандықтың менеджерлер, статистик дәрігерлер, эпидемиологтар, тәуекел менеджерлері және сарапшы дәрігерлер лауазымдарына жоғары сұранысқа байланысты қоғамдық денсаулық сақтау мамандарына үлкен қызығушылық танытты. Студенттер медициналық статистика кабинетінің, медициналық қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің, эпидемиологиялық бөлімнің жұмысымен және қызметімен танысты. Кездесу және қызықты әңгімелесу барысында түлектер аурухана құрылымымен танысып, өз саласының мамандарымен әңгімелесті және оларды қызықтырған сұрақтарына жауаптарында алды.[/vc_column_text][vc_single_image image=”135649″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]