Студенттік-ғылыми қоғам жиналыс такырыбы: “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі”

Студенттік-ғылыми қоғам жиналыс такырыбы: “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі”

2023 жылғы 31 қаңтарда Д. М. Түсіпова атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында 1 және 2-ші оқу жылғы резидент-педиатрлардың қатысуымен “Балалардағы қант диабеті. Қант диабетінің дамуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөлі” атындағы студенттік-ғылыми үйірмесінің отырысы өткізілді.

Қатысушылардың алдында сөйлеген 2-ші оқу жылғы резидент-педиатр Садықова Тынышык дәлелді медицина тұрғысынан балалардағы қант диабетін диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Резидент Тынышык баяндаған қант диабетінің пайда болуындағы тұқым қуалайтын фактордың рөліне арнаған хабарламаның бір бөлігі жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оның баяндамасында педиатриялық бөлімше базасында қант диабетімен ауыратын науқастардың ауру тарихын ретроспективті зерттеу нәтижелері де қамтылған.

2-ші оқу жылғы резидент-педиатр Әсел Ермолинова қант диабетімен ауыратын науқастың ауру тарихын баяндады. Баланы диагностикалау және емдеу алгоритмі тәжірибеде жүргізілді.

ҒСҮ мүшелері баяндамашыларға мазмұнды сөз сөйлегендері үшін алғыс айтты.