ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының “Molecular Genetics Researchers” ғылыми үйірмесінің отырысы

ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының “Molecular Genetics Researchers” ғылыми үйірмесінің отырысы

2023 жылдың 09 ақпанда ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында “Molecular Genetics Researchers” ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Үйірмеде “Жалпы медицина”, “Фармация”, “Стоматология” мамандықтарының 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатысты.

Қатысқандар: Мухамедиярова Л. А. – СҒҮ-де кафедра бойынша жауапты оқытушы, СҒҮ төрағалары – Калелова Малика, Саманд Абдулкабир, “Жалпы медицина” мамандығының 2 курс студенттері, сондай-ақ “Жалпы медицина”, “Фармация”, “Стоматология” мамандықтарының 1, 2, 3, 4 курс студенттері.

Күн тәртібінде:

  1. Студенттерді 2023 жылғы 12-13 сәуірде “Семей медицина университеті” КеАҚ-да өтетін Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған “Ғылым және денсаулық” халықаралық қатысуымен 65-ші ғылыми-практикалық конференцияға қатысудың негізгі нысандарымен таныстыру. Кафедрада СҒҮ жауапты оқытушы Л. А. Мухамедиярованың сөз сөйлеуі.
  2. Студенттердің баяндамаларын, презентацияларын алдын-ала тыңдау, сөз сөйлеуге дайындық, тезистер бойынша қорытынды жасау және ұсынылатын тезистердің санын шешу.
  3. СҒҮ төрағалары – Калелова Малика, Саманд Абдулкабир, “Жалпы медицина” 2 курс студенттерінің сөз сөйлеуі.

Бірінші мәселе бойынша кафедрада СҒҮ жауапты оқытушы Л. А. Мухамедиярова сөз сөйледі, ол конференцияға қатысудың негізгі нысандары туралы айтты: тезистерді жариялау + ауызша баяндама (ұзақтығы – 7 минуттан аспайды); тек ауызша баяндама; тек тезистерді жариялау; постерлік баяндама. Сондай-ақ конференция секциялары туралы:

  1. Іргелі ғылымдар.
  2. Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология.
  3. Педиатрия.
  4. Фармация және фармакология.
  5. Жұқпалы аурулар.
  6. МСАК.
  7. Стоматологиялық пәндер.
  8. Психиатрия және психология.
  9. Хирургиялық және сабақтас пәндер.
  10. Терапевтік және сабақтас пәндер.
  11. Постерлік баяндамалар.

Тақырыптар бойынша студенттердің баяндама презентациялары тыңдалды:

  1. “Канцерогенездегі онко-белок, протоонкогендер рөлі”, “Жалпы медицина” факультетінің 1103 топ студенттері баяндады: Д. Ерсаиынова, А. Ислямов, Л. Қажымуратова жоба жетекшілері: Л. А. Мухамедиярова, А. М. Есентаева.
  2. “CRISPR Cas9 адам геномын редакциялау”, “Жалпы медицина” факультетінің 1122 топ студенттері: Карпачева А., Кабиева Д. жетекшісі: Мыңжанов М. Р.
  3. “Генотерапия және оның мүмкіндіктері”, “Жалпы медицина” факультетінің 1111 топ студенті: Есенова Талшын сөз сөйледі. Жетекшісі: Ибраева Г. Р.
  4. “Бағаналы жасушалар және оларды медицинада қолдану”, “Жалпы медицина” факультетінің 1128 топ студенттері баяндады: Ахметбек А., Дюсупова А. жетекшісі: Оразалина А. С.

Сондай-ақ, СҒҮ төрағалары – Калелова Малика, Саманд Абдулкабир, “Жалпы медицина” 2 курс студенттері сөз сөйледі. Олар студенттің алынған деректерді өңдеу әдістемесі мен нәтижелерді талдау, ғылыми – зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар мен есептерді құрастыру және ресімдеу бойынша білім алатынын түсіндірді. Ғылыми үйірменің жұмысы студенттердің ой-өрісі мен ғылыми эрудициясын кеңейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ, студенттер жемісті ізденістер жүргізгенін, сонымен қатар баяндамашылар презентацияның дизайнына, әр слайдтың мазмұнына, баяндаманың ұзақтығына, сенімді ақпарат көздері мен материалдарды пайдалануға назар аударғанын атап өтті.

Нәтижесінде оқытушы Л. А. Мухамедиярова баяндаушыларға алғысын білдіріп, әр баяндамашыға түзетулер енгізіп, презентацияларды жетілдіруді, практикалық бөлімді көбірек қосуды және одан әрі тақырыптар бойынша жұмыстарды көрсетуді ұсынды: мысалы, Семей қаласындағы радиологиялық орталықта жұмыс. Кафедра атынан студенттердің жұмысы үшін тиісті ұйымдарға хаттар жіберілетінін атап өтті. Үйірме студенттеріне сәттілік тіледі!

 

Мухамедиярова Л. А., СҒҮ үшін жауапты оқытушы

[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]