2023 жылғы 10 ақпанда “Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы” КМҚК Әуезов қосалқы станциясында карантиндік жұқпалы аурулар бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинарға жедел жәрдем қызметінің Әуезов қосалқы станциясының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, фельдшерлер) қатысты.
ЖПД 621 тобының интерндері әлемдегі, ҚР-дағы аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Семинар барысында клиника, бруцеллез, сібір жарасы, оба, тырысқақ, геморрагиялық қызба сияқты аса қауіпті жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы туралы айтылды.
Сонымен қатар, «03» қызметі медициналық персоналының ӘҚИ-мен ауыратын науқасты анықтау кезіндегі іс-әрекетінің алгоритмі», «Обаға қарсы костюмді кию және шешу тәртібі», «ӘҚИ-мен ауыратын науқастан зертханалық зерттеулерге арналған материалды алу ережелері» пысықталды.
Шаймарданов Н. К., Смаил Е. М.
[/vc_column_text][vc_single_image image=”135882″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]