2023 жылдың 7 ақпанында Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы, психолог С. Ж. Нұрғалиеваның төрағалығымен психология үйірмесінің кезекті отырысы өтті.
Бұл жолғы отырыстың тақырыбы «Дін және психология» болды. Үйірмеге қатысушылар бұл ұғымдардың қалай байланысатынын және діннің адам психологиясына қалай әсер етіп, дамуға деген ресурс беріп, жан дүниесін үйлесімділікке әкелетіндігін талқылады. Сондай-ақ, психолог діндегі шектен шыққан көзқарастар адам психикасына қаншалықты зиянды әсер етіп, оның бүкіл өмірін теріс бағытта өзгертуі мүмкін екендігі айтты.
Кездесу соңында студенттер келесі тақырыпты және баяндамашыларды анықтады.[/vc_column_text][vc_single_image image=”135864″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]