2023 жылдың 6 мен 10 ақпан аралығында «Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының қызметкерлері № 1 студенттер үйінде кезекшілік өткізіп, студенттер тұратын бөлмелерді аралап, жатақхананың тазалығын тексерді. Студенттердің бөлмелері жылы, таза. Кезекшілік кешкі уақытта өтті. Бұл кезде студенттер сабақтарынан келіп, тұрмстық бөлмелерде еттерін қуырып, оған пияз, сәбіз, қырықжапырақ қосып, кешкі астарын әзірлеп жатқан кездері. Кафедраның қызметкерлері жатақхананы аралау кезінде студенттермен дұрыс тамақтану туралы әңгімелер жүргізді. Медик-студенттердің барлығы фастфудтар мен газдалған сусындардың зияны туралы білетіні – қуантарлық жағдай. Студенттердің басым көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанып, жеткілікті мөлшерде етті тағамдар мен көкөністерді, жеміс-жидетерді қоланып, дұрыс тамақтанады. Әңгіме барысында кафедраның оқытушылары студенттер қойған барлық сұрақтарына жауап берді. Студенттер тарапынан университеттің әкімдігіне шағымдары жоқ.
«Ішкі аурулар мен ревматология» кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М. Б.