Өскелең ұрпақтың мұражайларға барудың мәдени-эстетикалық дамуына тигізер пайдасы даусыз. Мұражай ортасы эмоционалдық әсер етудің елеулі мүмкіндігіне ие, ол тарихи-мәдени мұраға құндылық бағдары бар тұтас, үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу құралы болып табылады. Сонымен, студенттердің өнерге деген қызығушылығын ояту мақсатында 2023 жылдың 13 ақпанында Хлопов Н. А. атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының кураторы Милюшина Я. А. Абай облысы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында жалпы медицина факультетінің 1122, 2151 және 2362 топ студенттеріне кураторлық сағат өткізді. Студенттер шолу экскурсия аясында XVI—XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа кескіндеме және графикасы, XIX—XX ғасырлардағы орыс және кеңестік кескіндеме және графика, Қазақстан өнері бойынша мұражайдың тұрақты экспозициясының бөлімдерімен танысты. Гидтердің әсерлі эмоционалды әнгімелері ешкімді бей-жай қалдырмады.[/vc_column_text][vc_single_image image=”135999″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]