“Салауатты күлкі” мектебі

“Салауатты күлкі” мектебі

Балалар стоматологиясы кафедрасының базасында құрылған “Салауатты күлкі” ғылыми-практикалық мектебі көптеген жылдар бойы табысты жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мектеп өз жұмысын “СМУ” КеАҚ стоматологиялық пəндер кафедрасы мен ЖБХ базасында сəтті жұмысын жалғастыруда.

Негізгі мақсат – стоматологиялық денсаулыққа оң көзқарасты қалыптастыру жəне бекіту, оны сақтау жəне жақсарту қажеттілігіне сенімділік, салауатты өмір салты дағдыларын игеру, сондай-ақ мінез-құлықты, пайдалы денсаулықты таңдауға жəрдемдесу, сондай-ақ білім алушыларды табысты кəсіби қызметке дайындау.

9 ақпанда стоматологиялық пəндер жəне жақ-бет хирургиясы кафедрасының ассистенті Турусбекова Д. Х. жетекшілік ететін “Салауатты күлкі” мектебімен Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 мектеп-гимназиясында болды. “Салауатты күлкі” мектебінің құрамында 404 топ студенттері: Скакова Д., Қайроллаева У., 406 топ студенттері: Қарабаева А., Надирбеков Р., Абдибекова А. кездесуге өте жақсы дайындығын көрсетіп, белсенді қатысты. Олар денсаулық, оның ішінде стоматологиялық жəне оның маңыздылығы туралы дəріс оқыды, тістерді тазарту əдістері бойынша мастер-класс сабағын өткізді, № 37 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушыларының сұрақтарына жауап берді. “СМУ” КеАҚ стоматология факультетінің студенттері санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде № 37 лицейдің педагогтары мен оқушылары студенттер мен басшының жұмысына жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді. Оң кері байланыс алынды. Мектеп əкімшілігі “салауатты күлкі” мектебімен одан əрі ынтымақтастыққа шақырды. Сондай-ақ, аталған іс-шара бойынша ақпарат Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияның сайтында көрсетілген”.

https://www.instagram.com/reel/CoeCFX8K80x/?igshid=YmMyMTA2M2Y=[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]